Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ньюкасл" - "Ливерпуль": фавориттің өзгеруі

Опубликовано:

Айдын Кожахмет
Фото: Parimatch

Мұндай жағдайды бір жыл бұрын көз алдымызға елестету қиын болушы еді, бірақ бүгінде командалар орындарын ауыстырғандай болды. "Ньюкасл" Чемпиондар лигасына ену үшін шайқас жүргізіп жатыр және жүлделі үштіктен бес ұпайға алшақ тұр, ал "Ливерпуль" турнир кестесінің бел ортасында.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы шайқасқа қатысты болжамын бөлісті.

"Ньюкасл"

Эдди Хоудың шәкірттері аты аңызға айналған бомбардир Алан Ширердің командасында ойнағаннан бергі ең жақсы маусымын өткізіп жатыр. "Сауысқандар" Англия Кубогындағы "Шеффилд Уэнсдэйге" жеңілісінен басқа, 23 матчта жеңіліс көрмей, төртінші орында келе жатыр. "Ньюкасл" чемпионатта "Ливерпульден" соңғы рет 1 қыркүйекте жеңілген болатын.

Тайн өзенінің жағасындағы клуб бұл керемет серияны ұзартуы мүмкін, өйткені бүгінде "Ливерпуль" "Ньюкаслды" алған бетінен тоқтата алатын командаға ұқсамайды.

"Ливерпуль"

Юрген Клопп қолдан келгеннің бәрін жасап көрді, бірақ мерсисайдтар өздерінің бұрынғы деңгейіне енді жете алмайды. Өткен турда "қызылдар" бұрыннан келе жатқан, принципиалды қарсыласы - "Эвертонды" дербиде жеңіп, көңіл-күйін көтерді. Бұл жеңіс "Ливерпульдің" командасына өз күшінің мүмкіндіктеріне сенімділік беруі керек. Оған қоса, команданың лазареті босай бастады, бүгін ол жерде ұзақ уақыт ойнамаған жартылай қорғаушы Артур, сондай-ақ қорғаушы Конате, форвард Диас және оларға қосылған Тиаго Алькантара бар. Клопп бір ай бұрын қандай кадрлық қиындықтарға тап болғанымен салыстырғанда, бұл жолғы жағдайы әлдеқайда жақсы.

Жеке кездесулер тарихы

Жоғарыда айтылғандай, соңғы рет өткен чемпионатта "Ньюкасл" "Ливерпульден" жеңілген болатын. Жалпы алғанда, "сауысқандар" соңғы рет 2015 жылы "Битлз" жерлестерін жеңген еді. Бұл сәтсіздік сериясын неге үзбеске?

Матчқа болжам

"Тайм өнімділігі: 1<2". Басқаша айтқанда, мен 2-ші таймның жалпы саны 1-ші таймға қарағанда жоғары болады деп есептеймін, Parimatch-тегі достарым бұл матчқа 2.10 коэффициентін береді. Бұл матчтағы негізгі оқиғалар кездесудің екінші жартысында болады деп ойлаймын.

Егер сіз аз тәуекелді болжам жасағыңыз келсе, мен Ж1 F(0) ұсына аламын. Parimatch мұны 1.95 коэффициентімен бағалайды, бұл менің ойымша өте жомарт ұсыныс.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Ньюкасл" - 2.70, Тең ойын-3.50, "Ливерпуль" - 2.65

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009884-nyukasl-liverpul-favorittin-ozgerui/

pixel