Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бокс қолғабын кигім келмейді": Василий Левит екі жылдан бері жаттығу залына бас сұқпағанын мәлімдеді

Опубликовано:

Василий Левит
Василий Левит. Фото: instagram.com/vassiliy_levit

Бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Qazsport арнасындағы "Сұхбат" бағдарламасына сұхбат беріп, мансабы аяқталар тұста спорттан әбден қажығанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің Олимпиаданы жеңіп алсам деген жігерім мықты болды. Сол себепті тоқтаусыз жаттықтым. Шыны керек, мен жанып кеттім. Қатты жанып кеттім... Өздеріңіз білесіздер, пандемия болды, бәрі жабылды. Одан кейін Олимпиада бір жылға шегерілді. Осының бәрі маған әсер еткені соншалық, бәріне селқос қарай бастадым. Соңғы екі жылда жарысқа тек барып-қайтып жүрдім. Көзімде от жоқ еді. Тек жарысқа қатысу керек болғасын қатысасың...

Өздеріңіз білесіздер, Олимпиада лицензиясын алып қойған едім. Сол Олимпиаданың алдында-ақ Токио додасынан соң спорттан кететінімді білдім. Соңғы жарысым екені анық болатын. Спортшы болған соң, күнде таңертең жаттығуға барасың. Бұл қалыптасып кеткен дүние. Бірақ мансабым аяқталар тұста жаттығуға мүлде аяғым тартпады. Қазір спортпен қоштасқаныма екі жыл болды. Осы екі жыл ішінде бірде-бір рет спорт залына барған жоқпын. Бокс қолғабым үйде жатыр, кигім келмейді", - деді Левит.

Василий Левит 90 келі салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Азияның үш дүркін чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009908-boks-qolgabyn-kigim-kelmeidi-vasilii-levit-eki-zyldan-beri-zattygu-zalyna-bas-suqpaganyn-malimdedi/

pixel