Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Египеттегі халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын қазақстандық балуандар белгілі болды

Опубликовано:

спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

23-26 ақпан аралығында Египеттің Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIV халықаралық турнир өтеді. Бұл биылғы Халықаралық күрес федерациясының (UWW) рейтинг сериясындағы екінші турнир, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

Александриядағы дүбірлі додада 48 елдің 466 балуаны күш сынасады.

Оның ішінде еркін күрестен – 184,  грек-рим күресінен – 149, әйелдер күресінен – 133 спортшы.

Ел намысын қорғайтын спортшылар:

  • Әйелдер күресі – Марина Седнева (55 келі), Диана Каюмова (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі);
  • Еркін күрес – Рахат Қалжан, Абзал Өкенов, Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Нұрболат Әбдуалиев, Владмир Кудрин (61 келі), Санжар Мұхтар, Ілияс Аманжолов, Тимур Айтқұлов (65 келі), Досжан Әсетов, Азамат Шағапұлы (70 келі), Дархан Есенғали, Нұрлан Бекжанов, Қанат Мұсабеков (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Исламбек Ілиясов (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Бекзат Үркімбай, Серік Бақытханов (97 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі);
  • Грек-рим күресі – Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашев, Исхар Құрбаев (55 келі), Ернар Фидахметов, Нұрсұлтан Базарбаев, Дастан Зарлыханов (60 келі), Мамырбек Мұхамедәли, Мадияр Малтекбаев (63 келі), Сұлтан Әссетұлы, Дін-Мұхамед Қошқар, Мерей Бекенов (67 келі), Ибрагим Магомадов, Ерасыл Нұрбосынов, Данияр Қаленов (72 келі), Қаһарман Қисыметов, Демеу Жадыраев, Азат Садықов (77 келі), Қален Диас, Шамиль Батыров (82 келі), Бауыржан Мусин, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау (87 келі), Олжас Сырлыбай, Ерұлан Ысқақов, Ислам Умаев (97 келі), Антон Савенко, Мансур Шадукаев, Әлімхан Сыздықов (130 кг);

Мысырдағы додадан соң әр салмақтағы рейтингте жоғары тұрған 4 балуан өз құрлығындағы (Азия, Еуропа, Африка, Панамерика мен Тынық мұхиты аймағы) чемпионатқа жолдама алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2009911-egipettegi-xalyqaralyq-turnirde-el-namysyn-qorgaityn-qazaqstandyq-baluandar-belgili-boldy/

pixel