Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында рекорд тіркелді

Опубликовано:

Самбо
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ақтау қаласында самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Турнирде еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық балуан бақ сынамақ. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін ел чемпионатына осыншама қатысушы жиналмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Мәдениет және Спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталады.

Олар 12-18 маусым аралығында Алматыда өтетін үш жас санатындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.

Ал ол сында топ жарып, көзген түскен самбошылар қазан айында Бішкекте өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Ақтаудағы ел чемпионаты 21 ақпанға дейін жалғасады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2010013-sambodan-zastar-arasyndagy-qazaqstan-cempionatynda-rekord-tirkeldi/

pixel