Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" футбол клубы жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

"Барселона" футболшылары
"Барселона" футболшылары. Фото: Twitter/FC Barcelona

"Барселона" футбол клубы Испания чемпионатында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Opta Sports басылымына сілтеме жасап.

Түнде Испания біріншілігінің 22-турының матчтары өтті. "Барселона" өз алаңында "Кадис" клубын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл - каталониялық ұжымның осы маусымдағы он жетінші "құрғақ матчы" болып тіркелді.

Осылайша, "Барселона" қақпасына гол жібермеуден жаңа рекорд орнатты. Бұған дейінгі үздік нәтиже "Депортивоға" тиесілі еді (1993/94 жылғы маусымда 16 ойында қақпасына доп жібермеді).

Айта кетейік, 22-турдан кейін "Барселона" 59 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында "Реал Мадрид" тұр. Карольдік клубтың еншісінде 51 ұпай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010034-barselona-futbol-kluby-zana-rekord-ornatty/

pixel