Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина еш қиындықсыз Дубай турнирінің келесі айналымына шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.

Бір жарым сағаттай уақытқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шығып отыр.

Айта кетейік, Елена Рыбакина келесі кездесуін әлемдік рейтингте алтыншы сатыда тұрған АҚШ өкілі Коко Гауффқа қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010318-rybakina-es-qiyndyqsyz-dubai-turnirinin-kelesi-ainalymyna-syqty/

pixel