Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Чемпиондар лигасының қандай матчтары өтеді

Опубликовано:

"Манчестер Сити"
"Манчестер Сити" ойыншылары. Фото: Twitter/Manchester City

Бүгін, 22 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірнеше матчы болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Германия біріншілігінде өнер көрсететін "Ред Булл Лейпциг" өз алаңында "Манчестер Сити" клубын қабылдайды.

Сонымен қатар миландық "Интер" клубы "Сан-Сиро" стадионында "Портумен" ойнайды.

Матч 01.50-де басталады.

Қазақстандықтар аталған кездесулерді Qazsport және Qazaqstan арналарынан тікелей эфирде көре алады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. Олар: "Бенфика" (Португалия), "Порту" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Бавария" (Германия), "Челси (Англия), "Манчестер Сити" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "ПСЖ" (Франция), "Милан" (Италия), "Интер" (Италия), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Айнтрахт" Франкфурт (Германия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Брюгге" (Бельгия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010329-bugin-cempiondar-ligasynyn-qandai-matctary-otedi/

pixel