Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Parimatch Arena атты ірі киберспорттық турнир өтеді

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

10 наурыз күні Қазақстанда бас серіктесінің құрметіне биыл Parimatch Arena деп аталған еліміздегі ең ірі киберспорт турнирінің үшінші маусымы басталады. Қазақстанның барлық өңіріндегі командалар турнирге онлайн форматта қатысып, 1 500 000 теңгені құрайтын жүлде қорын иелену үшін бағын сынай алады, деп хабарлайды Parimatch баспасөз қызметінде.

Бұрын Cyber Arena Cup деген атауымен танымал болған чемпионат бірегей форматта өткізіледі, онда елдің 100-ден астам үздік компьютерлік клубы турнирге қатысқысы келетін барлық команда үшін алаң мен жабдықтар ұсынатын болады. Play Sports платформасын ұйымдастырушылардың айтуынша, Parimatch беттинг компаниясы қолдауының арқасында алдағы турнир ұйымдастыру ауқымы мен сапасы тұрғысынан алдыңғы екі маусымнан жақсырақ болып, жаңа деңгейге көтеріледі.

Танымал екі ойын — CS: GO және Dota 2 бойынша тіркеу 22 ақпанда басталған. Турнирге қатысу үшін командалар iPlay Esports сайтында тіркеу формасын толтыруға тиіс. Барлық кезең онлайн-форматта өтеді, ал финалдар белгілі қазақстандық стримерлердің қатысуымен тікелей эфирде жарияланатын болады.

Parimatch өкілдері Қазақстанда киберспортты одан әрі дамыту үшін жергілікті іс-шараларды қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті.

"Parimatch үшін мұндай турнирлер өткізу - үйреншікті тәжірибе. Біз әуесқой киберспорт үдерісіне әрдайым қатысып отыруға тырысамыз. Мысалға, Қазақстанда бірнеше дивизионы бар Faceit Cis League — біздің брендтің қолдауымен өткізілген көптеген және ең табысты іс-шараның бірі деп айтуға болады. Бұл командалар бір жылдан кейін қандай деңгейде ойнайтынын кім біледі? Бір күні біз оларды халықаралық лигалар мен турнирлерде қолдауымыз да мүмкін. Parimatch Қазақстанда, әсіресе CS:GO және Dota 2 сияқты ірі пәндерде ішкі киберспорт сахнасының дамуына көмек көрсетуге қашан да дайын. Біз болашақта Parimatch Arena жобасы ойынға енді бет бұрғандардың өсуіне ықпал ете отырып, бұл саладағы жетістіктерін одан да ауқымды ете алады деген ойдамыз", - деп бөлісті Parimatch Kazakhstan-ның киберспорт бағытындағы маманы Сергей Минич.

Жүлде қорынан бөлек, турнирге қатысушылар Parimatch бас серіктесі ұсынған шотқа бонустар, iPhone 14 Pro және жаңа Logitech G ойын құрылғылары сияқты қосымша жүлделерді ұтып ала алады.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010376-qazaqstanda-parimatch-arena-atty-iri-kibersporttyq-turnir-otedi/

pixel