Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина құрамасы бокстан биылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады

Опубликовано:

Бокс қолғабы
Бокс қолғабы. Фото: pixabay.com

Бокстан Украина құрамасы 2023 жылы өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы әлем біріншілігіне қатысудан бас тартты. Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Украинаның әлем біріншілігіне бармайтынын бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко мәлімдеді.

"Біздің спортшылар мен Украина бокс федерациясының өкілдері Ресей мен Беларусь өкілдері бар жерде сынға түспейді", - деді Ильченко.

Сондай-ақ вице-президент Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын болса, украиналық атлеттер 2024 жылғы Париж Олимпиадасына да бойкот жариялайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бокстан әйелдер арасындағы турнир наурыз айында Нью-Делиде, ал ерлер арасындағы бәсеке мамыр айында Ташкентте өтуі тиіс.

Қазіргі таңда АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ұлыбритания, Ирландия, Чехия, Швейция смен Канада құрамалары әлемдік сынға бойкот жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010600-ukraina-quramasy-bokstan-biylgy-alem-cempionatyna-boikot-zariyalady/

pixel