Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" - "Барселона": Еуропа Лигасының үздік матчы туралы нені білу қажет

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Бүгінгі түнді футбол әуесқойлары ұйқысыз өткізері анық. Бұған дейінгі ойында тең түскен "Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" Еуропа Лигасының 1/16 финалында жеңіс нақты қай командаға бұйырарын анықтау үшін қайта кездеседі. Parimatch сарапшылары бұл кездесуге өз болжамын ұсынды.

Өткен аптада командалар Еуропа Лигасы үшін рекордтық 90 225 көрерменді жинап, әсерлі әрі қызықты ойын көрсетті. Командалар 2:2 есебімен тең түскеніне қарамастан, бұл кездесуден ешбір жанкүйердің көңілі қалмағаны анық. "Манчестер Юнайтедтің" матчқа дайындығы ерекше қуантты, ол 10 минут ішінде жіберіп алған голды қайтарып қана қоймай, есеп жағынан алға озып кетті. "Барселона" ойынның соңына дейін есепті теңестіре алғанымен, "қызыл әзәзілдер" қазіргі уақытта қарсыласынан басым түсіп тұрғандай әсер қалдырды, сәйкесінше алдағы жекпе-жекте олар фаворит болып табылады.

Екі команда да бір кездері Еуропа чемпионаттарында көшбасшы болған, бірақ қазір аздап құлдырауды бастан өткеруде. Алайда, осы маусым болашақта аталған алыптардың салтанатты түрде көш басына оралуына үміт береді. "Манчестер Юнайтед" АПЛ-да жеңіске жетуден үмітті емес, алайда ешкімді алға жібермей, үздіктердің үштігінде нық орналасып отыр. Сол арада Барселона Чемпиондар Лигасынан шығып кетті, бірақ Месси кеткеннен кейін Ла Лигадағы алғашқы титулына қарай бет алып келеді.

Еуропа Лигасының алғашқы кездесуінен кейін қарсыластардың әрқайсысы айтарлықтай қиын емес матчта жеңіске жетіп, негізгі ойыншыларға жауапты ойын алдында дем алуға мүмкіндік берді. Бетпе-бет кездесулерде аздаған артықшылықтарға ие екеніне қарамастан, "Барселонаға" "Олд Траффорд" алаңында тер төгуге тура келеді. Эрик тен Хагтың шәкірттері өз алаңындағы соңғы 16 матчтың 14-інде жеңіске жетті. Сонымен қатар каталондықтардағы Педроның жарақаты мен Гавидің шеттетілуі, команданың жартылай қорғанысын әлсіретті. Шабуылдағы жұлдызды ойыншы Дембеле әлі де жарақатын емдеумен әлек және осы жолы ойынды өткізіп алады.

Мұның барлығы каталондықтардың Еуропа Лигасынан шығып қалу мүмкіндігін арттыруда, бірақ бұл шайқас жарқын әрі нәтижелі болатынына күмән жоқ. Ал сіз қай команда үшін жанкүйер боласыз?

Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:

Манчестер Юнайтед - 2.28, Тең ойын - 3.45, Барселона - 3.25

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010601-mancester-yunaited-barselona-europa-ligasynyn-uzdik-matcy-turaly-neni-bilu-qazet/

pixel