Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Софиядағы турнирді жеңіспен бастады

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Бекзад Нұрдәулетов. Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов ұзақ үзілістен соң әуесқой боксқа қайта оралып, "Странджа" турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Нұрдәулетов сербиялық Артем Агиловпен кездескен болатын.

Аталған кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетелік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов ширек финалға шығып, төрт қазақстандық боксшы жарысты аяқтады.

Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң ұлттық құрамадан кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010621-alem-cempiony-bekzad-nurdauletov-sofiyadagy-turnirdi-zenispen-bastady/

pixel