Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінде ескерту алып, жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

бокс
Көрнекі фото: pexels.com

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 92 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Абзал Құттыбеков 1/8 финалда Грузия өкілі Артем Иорданянмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында қарсыласынан басым түсіп жатқан отандық спортшыға төреші үшінші раунда ескерту жасап, кездесуден шеттетті.

Осылайша, Абзал Құттыбеков Кенже Мұратұлы, Ертуған Зейнуллинов, Бекзат Алдамжаров және Ерасыл Таңқайдың қатарына қосылып, жарыстан жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, "Странджа Кубогы" 27 ақпан күні аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010637-qazaqstandyq-bokssy-strandza-turnirinde-eskertu-alyp-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel