Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан кіші әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Опубликовано:

Оразбек Асылқұлов
Оразбек Асылқұлов. Видеодан кадр: youtube/Болгарияның бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Оразбек Асылқұлов ширек финалда Өзбекстан өкілі, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Абдумалик Халоковпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен отандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп 4:1.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов "Странджа Кубогының" жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде ел қоржынына қола медаль салып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010820-bokstan-kisi-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-algasqy-medal-tusti/

pixel