Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жасөспірім қыз 64 спортшы қатысқан Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Ева Корышева
Ева Корышева. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Ева Корышева Ыстанбұл қаласында өткен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы екінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Байрақты бәсекеге Еуропаның 64 спортшысы қатысты.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Корышева финалда Чехия өкілі Яна Ковачковамен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:1, 7:6 есебімен ұтты.

Осылайша, Ева спорттық жолында жекелей сында Tennis Europe турнирінде төртінші рет үздік шықты.

Айта кетейік, Ева қазіргі уақытта Еуропа теннис федерациясының рейтингісінде 61-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011009-qazaqstandyq-64-sportsy-qatysqan-turkiyadagy-turnirdin-zenimpazy-atandy/

pixel