Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімнің қиын кезеңін бастан кештім": Дмитрий Баландин Олимпиада қарсаңында әкесінен айырылғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Баландин
Дмитрий Баландин нәтижесін қарап тұр. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Жүзуден Қазақстан тарихындағы тұңғыш әрі жалғыз Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спорттық мансабын неліктен аяқтағанын және Токио ойындарында қандай қиындық басынан өткенін айтты, деп жазады Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Менің бір ғана мақсатым болды. Олимпиада ойындарын ұтқым келді. Бір қызығы, алғашқы Олимпиадамда-ақ алтын алдым. Әрі қарай командалық сында Азия ойындарынан жүлде алу керек болды. Мұны 2018 жылы орындадық. Содан соң, екінші Олимпиада да жақындап қалды. Токиода медаль алуға тырыстым. Бірақ ойынның өтетін уақытын ауыстырып тастаған соң, маған жиналу қиынға соқты. Өйткені құрама команда тек жаттығу жиынында ғана бас қосты.

2019 жылы бізді АҚШ-қа жіберген. Шыны керек, бұл өте үлкен серпіліс берді. Бірақ карантин мен коронавирус менің барлық жоспарымды быт-шыт қылды. Маған өте ауыр болғаны соншалық, жаттығуға ең соңғы күшімді сарқым бердім. Олимпиада кезінде өмірімдегі ең қиын кезең өтіп жатты. Әкем қайтыс болған. Олимпиадаға дейін де маған жүзудің қиындағанын ұққанмын. Одан кейін өзімді қинағым келген жоқ", - дейді Баландин.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011239-omirimnin-qiyn-kezenin-bastan-kestim-dmitrii-balandin-olimpiada-qarsanynda-akesinen-aiyrylganyn-malimdedi/

pixel