Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі футболшыны Испанияда пойыз қағып кетті

Опубликовано:

теміржол
Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұрынғы футболшы Пелайо Новоны Испанияда пойыз қағып кеткен. Салдарынан спортшы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай 28 ақпан күні болған. Құтқарушылар оқиға орнына тез арада келген, алайда футболшының өмірін сақтап қала алмаған.

Ново 32 жаста еді.

Айта кетейік, Пелайо Ново мансабын 28 жасында аяқтауға мәжбүр болған. Себебі, футболшы 2018 жылы Уэски қаласындағы қонақ үйдің бірінің үшінші қабатынан құлап кетіп, ауыр жарақат алған.

Ол мансабында "Кордоба", "Эльче", "Луго", "Альбасете" секілді клубтарда доп тепкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011349-belgili-futbolsyny-ispaniyada-poiyz-qagyp-ketti/

pixel