Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында рекорд орнатқан франциялық футболшы өмірден өтті

Опубликовано:

футболшы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Жюст Фонтен 89 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Europe1.

Жюст Фонтен мансабында "Касабланка", "Ницца", "Реймс" секілді клубтарда доп тепкен. Сонымен қатар шабуылшы Франция құрамасының намысын қорғаған.

Ол 1958 жылы футболдан Швецияда өткен Әлем чемпионатында он үш гол соғып, есімін алтын әріппен тарихта қалдырған. Сұрмергеннің рекордын әлі күнге дейін еш футболшы бұза алмауда.

Фонтен мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызметке ауысып, Франция мен Марокко құрамасын және "ПСЖ", "Тулуза" клубтарын жаттықтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011382-alem-cempionatynda-rekord-ornatqan-franciyalyq-futbolsy-omirden-otti/

pixel