Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мохамед Салах жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

футболшы
Салахтың селфи жасаған сәті. Фото: Twitter/Liverpool FC

"Ливерпуль" клубының шабуылшысы Мохамед Салах жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Ливерпуль" футбол клубының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, түнде футболдан Англия біріншілігінің кезекті турында "Ливерпуль" мен "Манчестер Юнайтед" кездесті. Тартысты өткен ойында Юрген Клопптың шәкірттері 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Аталған матчта Мохамед Салах екі рет мергендігімен көзге түсіп, "Ливерпуль" футбол клубының Англия біріншілігіндегі ең үздік сұрмергені атанды. Оның еншісінде 129 гол бар. Мысырлық шабуылшы "Ливерпульдің" аңыз ойыншысы Робби Фаулердің рекордын бұзды (128 гол).

Еске сала кетейік, бұған дейін Мохамед Салах "Ливерпуль" футбол клубының Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы үздік сұрмергені атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011860-moxamed-salax-zana-rekord-ornatty/

pixel