Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім: UFC үш спортшының есімін атады

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC лигасының Instagram желісіндегі орыс тілді ресми парақшасы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Парақшада Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы болуы мүмкін үш спортшының есімі аталған.

"Чимаев? Усман? Эдвардс?", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздіктер рейтингінде тоғызыншы орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Бұл дивизионның чемпионы - америкалық Леон Эдвардс. Бірінші орында Камару Усман болса, екінші орында америкалық Колби Ковингтон. Үздік үштікті швециялық Хамзат Чимаев қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2012081-savkat-raxmonovtyn-kelesi-qarsylasy-kim-ufc-us-sportsynyn-esimin-atady/

pixel