Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан екі команда белгілі болды

Опубликовано:

футбол
"Челси" қақпашысы. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Нәтижесінде "Челси" мен "Бенфика" турнирдің келесі айналымына жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Челси" өз алаңында дортмундтық "Боруссия" клубын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Рахим Стерлинг, Кай Хаверц.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында "Боруссия" минималды есеппен ұтқан еді.

Осылайша, лондондық клуб Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алып отыр.

Ал "Бенфика" мен "Брюгге" арасындағы матчтың "тағдыры" алғашқы кездесуде жартылай шешіліп қойған еді (бірінші матчта португалиялық ұжым 0:2 есебімен басым түскен).

Түндегі ойында да бельгиялық ұжым "Бенфикаға" еш қарсылық көрсете алған жоқ. Нәтижесінде лиссабондық ұжым қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Айта кетейік, екі ойынның қорытындысы бойынша 7:1 есебі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012134-cempiondar-ligasynyn-sirek-finalyna-syqqan-eki-komanda-belgili-boldy/

pixel