Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай болған жоқ": Астанадағы турнирдің жартылай финалына шыққан қазақстандық пікір білдірді

Опубликовано:

спортшы
Жібек Құламбаева кортта: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour "BeeTV 60 Women's" турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда Нидерланд өкілдері Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфсты 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Енді Жібек пен Мартина финалға шығу үшін ресейліктер Полина Кудерметова - Анастасия Тихоновамен ойнайды.

"Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе, екі сеттің соңында тәуекелге баруға тура келді. Жартылай финал да қиынға түсетіні анық. Астанадағы додадан кейін Джакартаға жол тартып, ITF W25 сериясында өтетін екі жарысқа қатыспақшымын", - деді Жібек Құламбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012414-onai-bolgan-zoq-astanadagy-turnirdin-zartylai-finalyna-syqqan-qazaqstandyq-pikir-bildirdi/

pixel