Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығуы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

ала доп
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қайрат Нұрдәулетов бастаған Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 17-24 наурыз аралығында Алматыда өтеді, деп жазады Қазақстанның футбол федерациясы.

Oқу-жаттығу жиыны "Қайрат" футбол клубының жаттығу базасында болады.

Дайындық аясында отандық футболшылар екі жолдастық матч ойнайды. Бірінші қарсылас Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы болса, екінші команда кейін анықталмақ.

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов жиынға 25 ойыншыны шақырды:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Данила Карпиков ("Шахтер"), Абдухалил Махмудов ("Торрент", Испания);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Александр Мрынский, Егор Ткаченко, Лев Кургин (барлығы – "Қайрат"), Саламат Жұмабеков ("Астана"), Мейрамбек Қалмырза ("Оқжетпес"), Владислав Кравченко ("Қайрат-Жастар"), Константин Горизанов ("Шахтер");

Жартылай қорғаушылар: Әділхан Добай ("Мақтарал"), Әділет Садыбеков, Ғалымжан Кенжебек, Мирас Көбеев (барлығы – "Қайрат"), Жаннұр Көкеев ("Қайрат-Жастар"), Нұрғайни Бөрібаев ("Тұран"), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Абылайхан Назымханов ("Шахтер"), Ерсұлтан Қалдыбеков ("Тараз"), Ален Айманов ("Елімай"), Денис Митрофанов ("Ислочь", Беларусь), Давид Есімбеков ("Жетісу");

Шабуылшылар: Иван Свиридов ("Шахтер"), Байжан Мәделхан ("Муром", Ресей).

Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012431-qazaqstan-zastar-quramasynyn-oqu-zattyguy-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel