Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" арасындағы ойын бір голмен аяқталды

Опубликовано:

Футбол
Фото: Twitter/UEFA Champions League

Түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Нәтижесінде "Реал Мадрид" пен "Наполи" турнирдің келесі айналымына жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Реал Мадрид" өз алаңында "Ливерпуль" клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз доп карольдік ұжымның шабуылшысы Карим Бенземаның еншісіне жазылды. Өткен маусымдағы "Алтын доп" иегеріне әріптесі Винисиус Жуниор нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, қос команда арасындағы алғашқы ойында "Реал Мадрид" ірі есеппен ұтқан еді.

Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алып отыр.

Ал "Наполи" "Айнтрахт" клубынан басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне шықты. Есеп 3:0. Гол авторлары: Виктор Осимхен (дубль), Петр Зелиньски (он бір метрлік айып добынан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013069-real-madrid-pen-liverpul-arasyndagy-oiyn-bir-golmen-ayaqtaldy/

pixel