Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 17 наурызда Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан әлем чемпионатында екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Римма Волосенко Өзбекстан өкілі Ситора Тұрдыбековамен жұдырықтасады.

Сонымен қатар бүгін Фариза Солтай шаршы алаңға шығады. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетін отандық боксшының қарсыласы - Тринидад және Тобаго өкілі Лианн Будрем.

Қазақстандықтар аталған кездесуде Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Жекпе-жек Астана уақытымен 18.30-басталады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013292-alem-cempionaty-bugin-qazaqstandyq-eki-bokssy-sarsy-alanga-sygady/

pixel