Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ресей құрамасымен жаттықтым": Жанқош Тұраров титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

боксшы
Жанқош Тұраров. Фото: Tas Group

Белгілі кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуіне үміткер Жанқош Тұраров алдағы кездесуіне байланысты шағын сұхбат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"21 наурыз күні, Алла қаласа IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткіземін. Қарсыласым - мексикалық Алехандро Менесес. Ол Алматыға келіп өз белбеуін қорғайды. Әлем чемпионы болу - әр спортшының арманы. Арманыма жетуге бір қадам қалды. Құдай қаласа, бәрі сәтімен болса, бар күшімді саламын", - деді Жанқош Тұраров.

Ол қарсыласын толық зерттеп шыққан.

"Қарсыласым өз салмағында IBO чемпионы. Бойы ұзын, тәжірбиелі боксшы. Әлем чемпионы үшін жекпе-жекте британиялық былғары қолғап шебері, сол уақытта 16 рет кәсіпқой рингке шығып, бәрінде жеңіске жеткен Сэм Максвеллді техникалық нокаутпен жеңіп, белбеуді алған. Енді міне, атағын қорғау үшін Алматыға келе жатыр", - деді отандық боксшы.

Жанқош Тұраров кездесуге дайындық жұмыстары Сочи қаласында өткенін жеткізді. Оның сөзінше, бокстан Ресей құрамасымен жаттыққан.

"Үйден тысқары шығып, кішкене климат өзгертіп, дайындығыма сеп болу үшін Сочиге бардық. Ол жақтағы дайындық ойдағыдай өтті. Бәрі сәтімен. Оқу-жаттығу жиыны боксшыға өте қажет, сол үшін де Сочиге барып келдім", - деді Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, IBO - тұжырымы әлемдегі ең үздік бес ұйымның бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013297-resei-quramasymen-zattyqtym-zanqos-turarov-tituldyq-zekpe-zegine-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel