Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина қатарынан оныншы рет жеңіске жетіп, рекорд орнатты

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елена үшінші айналымда әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаға қарсы шықты. 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық спортшы 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 41-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің біреуімен кездеседі.

Айта кетелік, Рыбакина осылайша кезекті рекордын жаңартып отыр. Бұл Елена қатарынан оныншы кездесуде жеңіске жеткен.

Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан Уэлс турнирінде топ жарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014059-elena-rybakina-qatarynan-onynsy-ret-zeniske-zetip-rekord-ornatty/

pixel