Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияны жеңген соң отандық футболшының өмірінде ерекше оқиға болды

Опубликовано:

Абзал Бейсебеков доппен жасыл алаңда
Абзал Бейсебеков. Фото: kff.kz

Кеше Дания құрамасын жеңген футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы бір қуанышты жаңалықты хабарлады, деп жазады федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков түнде сәбилі болды. Футболшының жұбайы команданың жеңісінен соң өмірге шекесі торсықтай ұл әкелген.

"Бізде тағы бір қуанышты жаңалық! Бүгін түнде Абзал Бейсебеков ұлды болды! Абзалдың отбасын шын жүректен құттықтай отырып, сәбидің ғұмырлы ер болуына шын жүректен тілектестік білдіреміз!", - делінген федерацияның желідегі ресми парақшасында.

Айта кетелік, кеше 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді.

Абзал Бейсебеков аталған матчта өнер көрсетіп, бірнеше рет қақпаға тура соққылар жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014199-daniyany-zengen-son-otandyq-futbolsynyn-omirinde-erekse-oqiga-boldy/

pixel