Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ер адам болуы мүмкін": Бокстан әлем чемпионатында алжирлік қыз көпшіліктің күдігін тудырып, жарыстан шеттетілді

Опубликовано:

Иман Хелиф жүгіріп келеді
Иман Хелиф. Фото: instagram/imane_khelif_10

Үндістан астанасы Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Аталған жарыста финалға жолдама алып, бірақ жарыстан шеттетілген алжирлік боксшы әлем назарын өзіне аударды, деп жазады Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

66 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан алжирлік Иман Хелифті ұйымдастырушылар турнирден аластатты. Бұған 23 жастағы боксшыдан алынған сынамада тестестерон деңгейінің тым көптігі себеп болған.

Яғни Иманның әйел адам емес, еркек болу мүмкіндігі өте жоғары. Мұны Ресей құрамасының бас бапкері Альберт Муталибов те растап отыр.

"Біздің спортшымыз Азалия Аминова алжирлік боксшымен кездескенде қиындыққа тап болды. Азалия оны ауыр нокдаунға да жіберген. Бірақ оның физикалық мықтылығы мен жылдамдығы жоғары еді. Бұл спортшыда ер баланың белгілері көп болды. Халықаралық бокс қауымдастығының бұл процедурасы құптарлық нәрсе екен. Таза емес спортшыларды ұстауға көмектеседі. Бірақ мұны турнир басталарда жасаған дұрыс сияқты. Әйтпесе алжирлік боксшы финалға дейін қаншама адамды жарыс жолынан шығарды", - деді Муталибов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Иман болса, бұл шешімді жоққа шығарып, ұйымдастырушыларды өзінің жолын кесті деп есептеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014212-er-adam-boluy-mumkin-bokstan-alem-cempionatynda-alzirlik-qyz-kopsiliktin-kudigin-tudyryp-zarystan-settetildi/

pixel