Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рекордтық көрсеткіш": Елена Рыбакина қатарынан он бірінші жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина кортта. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Еленаның қатарынан он бірінші жеңісі. 

Отандық теннисші енді жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014289-rekordtyq-korsetkis-elena-rybakina-qatarynan-on-birinsi-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel