Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпқой рингте қарсылас шақ келтірмей жүрген отандық боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Опубликовано:

Жан Кособуцкий
Жан Кособуцкий. Фото: instagram.com/kossobutskiy

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 34 жастағы былғары қолғап шебері 3 маусымда шаршы алаңға көтеріледі.

Жан Кособуцкий Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетпек.

Жекпе-жек ауыр салмақта өтеді және 12 раундқа созылады. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Жан кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жеткен, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Отандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылы қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Хуссейн Мухамедті мерзімінен бұрын жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014337-kasipqoi-ringte-qarsylas-saq-keltirmei-zurgen-otandyq-bokssynyn-kelesi-zekpe-zegi-qasan-otedi/

pixel