Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты жөтел қабырғамды ауыртты": Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстанға келуден бас тартты

Опубликовано:

Ига Швентек
Ига Швентек. Фото: Hector Vivas/Getty Images for WTA

14-15 сәуір күндері Астанада "Билли Джин Кинг" Кубогінің іріктеу айналымы өтеді. Аталған сында Рыбакина бастаған Қазақстан командасы Польша құрамасын қабылдайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өкінішке қарай, Польша құрамасының басты жұлдызы, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек бұл додаға қатыспайды. Ол бұл туралы желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Бұл шешімді қабылдау оңайға түскен жоқ, бірақ денсаулық бәрінен маңыздырақ. Дохадағы турнир кезінде ауыр инфекциямен күрескенімді білесіздер. Одан кейін ойнауға рұқсат берді, бірақ қатты жөтел қабырғаларымнан жарақат алуға әкеліп соқты. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін жайсыздық пен ауырсынуды сеземін. Дәрігерім диагноз қойып, емдеу жоспарын жасады. Толық қалпыма келу үшін үзіліс алуға мәжбүрмін", - деп жазды теннисші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Астанадағы іріктеу кезеңінде бақ сынайтын Польша құрамасының намысын төмендегі спортшылар қорғайды: Магда Линетт, Магдалена Фрехт, Алиция Росольская, Вероника Фальковская.

Айта кетелік, жанкүйерлер Ига Швентек пен Елена Рыбакина кездеседі деп болжаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014522-qatty-zotel-qabyrgamdy-auyrtty-alemnin-birinsi-raketkasy-qazaqstanga-keluden-bas-tartty/

pixel