Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футболшы "Арсенал" ойыншысы атанды

Опубликовано:

футболшы
Фото: Sports.kz

Қазақстандық шабуылшы Матвей Герасимов мансабын Беларусь чемпионатында жалғастыратын болды. Футболшы "Арсенал" ойыншысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Отдал. Закрылся" Телеграм-каналына сілтеме жасап.

"Футболшылар Қазақстанға тек Беларусь біріншілігінен бармайды. Сонымен қатар Қазақстаннан ойыншылар бізге келеді.

Қазақстандық 22 жастағы шабуылшы Матвей Герасимов "Арсеналға" ауысты. 2021 жылғы маусымда ол „Ислочи“ клубы сапында 2 матч өткізді. Тіпті жас шабуылшыны сол жерден Қазақстанның жастар құрамасына шақыртты.

Герасимов 2022 жылы ешқандай клубта өнер көрсеткен жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Игор Ивановичпен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014896-qazaqstandyq-futbolsy-arsenal-oiynsysy-atandy/

pixel