Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлік жылдамдығын асырған": Белгілі футболшы жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Бельгияның "Ауд-Хеверле Лёвен" футбол клубында өнер көрсететін Софьян Кьюин жантүршігерлік жол апатына түсті. Оқиға Флемал қаласында 30 наурызда болған, деп жазады DH Les Sports.

Бағына орай жол көлік оқиғасынан футболшы аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, апат кезінде Софьян Кьюин шамамен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен көлік жүргізген.

Айта кетейік, Софьян Кьюин 25 жаста. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде Бельгияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін "Ауд-Хеверле Лёвен" клубына ауысты.

Сонымен қатар жартылай қорғаушы Марокко жастар құрамасында доп тепкен.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі футболшыны Испанияда пойыз қағып кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014903-ulken-zyldamdyqpen-kolik-zurgizgen-belgili-futbolsy-zantursigerlik-zol-apatyna-tusti-video/

pixel