Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылғындыру әдісіне түсіп қалған қазақ баласы финалға шыға алмады

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев татамиде
Нұрқанат Серікбаев. Фото: olympic.kz

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар финалдан сырт қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

60 келіде белдескен Нұрқанат Серікбаев турнир аясында Моңғолия, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан балуандарын жеңіп, жартылай финалға жеткен болатын. Әсіресе, ол Ташкенттегі жарыстың финалында ұтылған Оңтүстік Корея балуаны Ким Вон Джиннен есе қайтарған еді.

Өкінішке қарай, финал жолдамасы үшін таласта украиналық Дильшот Халматовтан қылғындыру әдісімен жеңіліп қалды.

66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев та жартылай финалда жеңілді. Ол тәжірибелі моңғолиялық балуанға есе жіберген.

Осылайша, екі қазақ балуаны да қола медальға күресу мүмкіндігін алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014937-qylgyndyru-adisine-tusip-qalgan-qazaq-balasy-finalga-syga-almady/

pixel