Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсеткен Рыбакинаның рейтингтегі орны өзгере ме

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында сүрініп, рейтингтегі орнын жақсарта алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші АҚШ-тағы беделді жарыстың ақтық мәресінде чехиялық Петра Квитовадан жеңілді. Есеп: 6:7 (14:16), 2:6.

Осылайша, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте алтыншы сатыда тұрған АҚШ өкілі Кори Гауффтан оза алған жоқ. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жетінші орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирі барысында ресейлік Анна Калинская, испаниялық Паула Бадоса, Бельгия өкілі Элиза Мертенс, италиялық Мартина Тревизан және америкалық Джессика Пегуладан айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015041-aqs-tagy-turnirdin-finalynda-oner-korsetken-rybakinanyn-reitingtegi-orny-ozgere-me/

pixel