Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-дің бразилиялық жұлдызы күтпеген жерден ислам дінін қабылдап, жанкүйерлерін таңырқатты

Опубликовано:

Родриго Насименто Феррейра исламдағы ұстазымен кездесуде
Родриго Насименто Феррейра. Фото: islamnews.ru

Ережесіз жекпе-жектен беделді UFC лигасының жұлдызы, бразилиялық Родриго Насименто Феррейра ислам дінін қабылдады. Бұл туралы islamnews.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

30 жастағы Феррейра 2023 жылғы Рамазан айы басталар тұста исламға келуді жөн көрген. Спортшы өзінің спортқа жат қылықтарымен де жиі көзге түскен еді. Ол өміріндегі қиын кезеңде ислам дінінен сая тапқанын айтқан.

Бір қызығы, жанкүйерлер бразилиялық файтердің бұл қадамына қатты таң қалуда. Олар әлеуметтік желіде Феррейраның шешімін қызу талқылап жатыр. Өйткені бұған дейін Родриго дін әлемінен мүлде аулақ болған.

Сондай-ақ австралиялық ММА шебері Джек Мэттьюс та қасиетті айда ислам дінін қабылдады. Джектің айтуынша, ол христиан діні мен пайғамбар туралы терең зерттеу жүргізіп, ислам діні туралы ақпараттарға тап болған.

Мэттьюс өзіне жетіспеген моральдық-этикалық құндылықтарды исламнан тапқанын айтып, мұсылмандыққа бет бұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2015332-ufc-din-braziliyalyq-zuldyzy-kutpegen-zerden-islam-dinin-qabyldap-zankuierlerin-tanyrqatty/

pixel