Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатына жолдама алған отандық теннисшілердің саны артты

Опубликовано:

спортшылар
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтар қатары толықты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаевтың және Зәуреш Акашева/Анастасия Лаврованың жұптық сында бақ сынайтынын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрама сапынан Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Акашева (аралас жұптық сын) әлем біріншілігінің жолдамасын иеленген.

Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді.

57-рет ұйымдастырылатын сында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салыбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015370-alem-cempionatyna-zoldama-algan-otandyq-tennissilerdin-sany-artty/

pixel