Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи жетістік": шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионы атанды

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы
Фото: socca.md

Молдова астанасында 6х6 форматында шағын футболдан Socca EuroCup халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Отандық футболшылар финалда Румыния құрамасын буллит сериясында 2:1 есебімен ұтты.

Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталған болатын.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы топта Хорватия (0:0) және Францияға (2:1) қарсы екі ойын өткізді. Ал жартылай финалда қазақстандық спортшылар Венгрияны ұтты – 4:1.

"Қазақстан футбол федерациясының ұжымының атынан шағын футболдан халықаралық аренада еліміздің намысын қорғап, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алған команданың ойыншыларын, бапкерлерін және қызметкерлерін құттықтағым келеді. Турнир бойы Қазақстанда футболдың бір орында тұрмай, дамып келе жатқанын дәлелдей алдыңыздар. Біздің футбол барлық бағытта дамып, халықаралық аренада бәсекелестікке төтеп беріп келеді. Команда мен оның демеушілеріне атқарылған істер үшін алғыс білдіремін. Әрі қарай еңбектеріңізге табыс тілеймін, жеңісті күндеріңіз жалғаса берсін!", – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, сокка – 6х6 форматында шағын футболдан әуесқойлар арасында өтетін жарыс түрі. Спорттың бұл түрінде ойыннан тыс қалудан басқа футболдың ережелері стандарты қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015406-tarixi-zetistik-sagyn-futboldan-qazaqstan-quramasy-europa-cempiony-atandy/

pixel