Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойын басталарда алаңға бір-бір күшік ұстап шыққан атыраулық футболшылар жанкүйерді елжіретті (видео)

Опубликовано:

Күшік ұстаған атыраулық футболшылар
"Атырау" ойыншылары алаңға күшік алып шықты. Фото: instagram/fc_atyrau

"Атырау" футбол клубының ойыншылары Қазақстан премьер-лигасындағы кезекті матчтардың бірінде ерекше жайтпен назар аударды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Атырау" клубының ойыншылары матч басталарда жасыл алаңға бір-бір күшіктен алып шықты. Бұл күшіктер иесі жоқ иттер паналайтын жерді мекендейді.

Футболшылардың бұл әрекеті "Ит - жеті қазынаның бірі" акциясы аясында ұйымдастырылған.

Осы арқылы клуб мүшелері үй жануарларына жауапкершілік пен қамқорлық мәселесіне назар аудартып, барлық қамқор адамдарды көмекке шақыруды көздеген.

Клуб жанкүйерлері мен желі қолданушылары ойыншылардың бұл қадамын жылы қабылдап, лебіздерін жаудыруда.

"Жігіттер, жарайсыңдар", "Сіздердің кең жүректеріңізге рахмет!", "Сіздерге сенеміз", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015456-oiyn-bastalarda-alanga-bir-bir-kusik-ustap-syqqan-atyraulyq-futbolsylar-zankuierdi-elziretti-video/

pixel