Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: 36 жастағы Алмат Кебіспаев өзбектің жас балуанынан ірі есеппен ұтылып қалды

Опубликовано:

Алмат Кебіспаев
Алмат Кебіспаев: olympic.kz

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының ардагер балуаны Алмат Кебіспаев жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Кебіспаев өзбектің жас балуаны, жастар арасындағы әлем чемпионы Аброр Атабаевпен ірі есеппен ұтылды.

Кездесу 2:10 есебімен қарсылас пайдасына шешілген.

Осылайша, 36 жастағы Кебіспаев Азия біріншілігінің қола медалі үшін күреседі. Бұған дейін Ернұр Фидахметов те жартылай финалда кореялық балуаннан жеңілген болатын.

Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен бес әлем чемпионатында жүлде алған қазақ балуаны. Ол жақында спортпен қош айтысып, кейін кілемге қайта оралған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016153-aziya-cempionaty-36-zastagy-almat-kebispaev-ozbektin-zas-baluanynan-iri-eseppen-utylyp-qaldy/

pixel