Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалда қырғыз қызын таза жеңген Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Эльмира Сыздықова жеңістен соң
Эльмира Сыздықова. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова жеңіске жетті. Ол финалда қырғыз қарсыласын ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, ақтық сында әлем чемпионатының қола жүлдегері, қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдескен болатын.

Кездесудің екінші кезеңінде Сыздықова қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, мерзімінен бұрын айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, өз мансабында екінші рет Азия чемпионы атағын иеленіп отыр. Бұдан бөлек, ол Азия біріншілігінен екі күміс, екі қола еншілеген.

Сондай-ақ Эльмира Сыздықова 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Бүгінгі Азия біріншілігінде Марина Седнева (59 келі) мен Елена Шалыгина (68 келі) қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016366-finalda-qyrgyz-qyzyn-taza-zengen-elmira-syzdyqova-eki-durkin-aziya-cempiony-atandy/

pixel