Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның күресін жаттап алды": Танымал балуан Алмат Кебіспаевтың жас спортшыдан неге жеңілгенін айтты

Опубликовано:

Алмат Кебіспаев кілемде
Алмат Кебіспаев. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2006 жылғы Азия чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев Астанада өтіп жатқан сары құрлық сынындағы қазақ балуандарының нәтижесіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Еліміздегі үздік балуандардың бірі финалға жолдама алған спортшылардың аяқ алысын жоғары бағалады.

"Алматтан үміт күттім. Өте тәжірибелі балуанымыздың бірі. Алайда қарсыластарының бәрі қазір Кебіспаевты жаттап алды. Барлығы да Алматқа қарсы дайындалып келеді. Қарсыласы да өзбектің жас спортшысы екен. Жақсы күрес көрсетті. Алмат өз мүмкіндігін толық көрсете алмады деп ойлаймын. Күтіп қалды. Бастысы - Алматқа қазір тоқтап қалмау керек.

Біраз уақыт халықаралық жарыстарға қатыспауы да әсер етуі мүмкін. Қазір 67 келі салмаққа қатысты сұрақтап қойылып жатыр. Мұның барлығын осы саланың басы-қасында жүрген маманлар, бапкерлер шешеді. Мен қазір мүлде басқа саладамын. Сондықтан ешкімді сынамаймын, барлық балуанға тілекшімін. Бәріне жанкүйермін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016489-onyn-kuresin-zattap-aldy-tanymal-baluan-almat-kebispaevtyn-zas-sportsydan-utyluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel