Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" - "Челси": Айдын Қожахметтің болжамы

Опубликовано:

Айдын Кожахмет
Фото: Parimatch

Екі клуб үшін де Чемпиондар лигасы басым турнир болып табылады, өйткені ішкі біріншілікте "Реал" мен "Челсидің" істері жақсы нәтиже бермей келе жатыр. Егер қалаған олжа қанжығаға байланбаса, Карло Анчелотти үшін бұл маусым, соңғы маусым болуы мүмкін. Ал "уақытша" отырған Фрэнк Лэмпард үшін Чемпиондар Лигасында жеңіске жету, келісімшартты ұзартудың тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы шайқасқа қатысты өз болжамын бөлісті.

"Реал Мадрид"

Басты олжаның қазіргі иегері жақында чемпионатта "Вильярреалға" жол беріп алып, сан соғып қалды. Бұл жағдай "Челсиге" қарсы ойынға жақсы дайындықпен келу қажеттілігін көрсетеді. Карло Анчелоттидің жаны тыныш, өйткені ол әлемдегі ең жақсы құрамдардың біріне ие. Алайда, жиі жарақат алып жүрген Дэвид Алаба лондондықтарға қарсы ойында ойнамауы мүмкін: сенбіде ол бірінші таймнан кейін ауыстырылды, жамбас бұлшықетіндегі проблемасы бар екендігі туралы хабарланған еді. Бірақ "Реал" Алабасыз да мықты күшке ие және Чемпиондар лигасының негізгі фавориттерінің бірі болып саналады.

"Челси"

"Ақсүйектер" нәтижелер бойынша да, көрсетіп отырған ойыны бойынша да атаққа үміткерлердің қатарынан көрініп отырған жоқ. Клуб басшылығы тіпті Грэмм Поттерді жұмыстан шығарды. Ол сиқыршы болып шықпады, оның орнына клубтың аңызы Фрэнк Лэмпардты өз орнына шақырды. Бірақ әзірге бұл қадам барлық қиыншылықты шешіп жіберер емес.

Дегенмен, Чемпиондар Лигасы, Поттерге қарағанда, сиқырлы турнир болып шықты. Мұнда әркім жеке матчта жетістікке жете алады. Сондықтан" Челсиді" мерзімінен бұрын жеңімпаздар қатарынан есептен шығаруға болмайды. Оған қоса, бірте-бірте команданың лазареті босай бастады, яғни Лэмпардта шайқасқа жаңа құлшыныспен шыға алатын ойыншылары бар деген сөз.

Жеке кездесулер тарихы

Өткен жылы осы командалардың арасындағы өкініштен тіс қайрап сындыратын шайқасы жанкүйерлердің жадынан әлі кете қойған жоқ деп ойлаймын. Ол кезде "Реал" қонақ алаңында 1:3 есебімен жеңіске жетті, бірақ жауап кездесуінде қонақтар 3 доп артықшылығымен көш бастап кетті. Родригоның голы бұл істі овертаймға ауыстыра алды, сол жерде Карим Бензема өзінің сөзін айтып, клубына жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді.

Жалпы, соңғы 10 жылда бұл командалар төрт рет кездесті. "Реалда" екі жеңіс, біреуі "Челсиде" және бір рет тең ойын болды. Бірақ әр матча голдар соғылып отырды.

Матчқа болжам

Ерекшеленіп еш нәрсе айтпай-ақ, Мадридттің жеңісіне ұтыс тігемін. Менің Parimatch серіктестерім "Реалдың" жетістігін 1.74 коэффициентімен бағалайды. Меніңше, осылай дұрыс болады.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Реал Мадрид" - 1.71, тең ойын - 3.80, "Челси" - 5.30

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016517-real-madrid-celsi-aidyn-qozaxmettin-bolzamy/

pixel