Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңісті жұлып алды: еркін күрестен екі қазақ балуаны Азия чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Санжар Досжанов кілемде күресуде
Санжар Досжанов көк жейдеде. Фото: uww.org

Күрестен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері Санжар Досжанов пен Болат Сақаев финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

70 келі салмақта сынға түсіп жатқан Досжанов жартылай финалда азулы ирандық балуаннан басым түсті. Ол ақтық сында Гиеси Мортеза Чеканы 4:1 есебімен ұтты.

Алтын үшін таласта Санжар Досжанов өзбек балуаны Зафарбек Отахоновпен белдеседі.

79 келі салмақта ел намысын қорғайтын Болат Сақаев та тартысты кездесуде жеңіске жетіп, финалға өтті.

Жартылай финалда Болат ирандық Мортеза Кавусимен белдескен болатын. Жекпе-жек барысында 4:5 есебімен жеңіліп жатқан Сақаев санаулы секунд ішінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтып кетті.

Болаттың финалдағы қарсыласы - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, өзбекстандық Бекзод Абдурахмонов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016638-zenisti-zulyp-aldy-erkin-kuresten-eki-qazaq-baluany-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel