Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду өнер көрсететін клубтың бас бапкері қызметінен кетті (фото)

Опубликовано:

Роналду
Роналду. Фото: Twitter/AlNassr FC

Футболдан Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсететін "Әл-Наср" клубының бас бапкері Руди Гарсия қызметінен кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Әл-Наср" клубының баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Белгілі болғандай, 59 жастағы маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Алайда бұған дейін басылым беттерінде "Әл-Наср" клубының басшылығы Руди Гарсияны нашар нәтиже мен футболшылармен орын алған жанжалға байланысты жұмысынан босататыны жазылған.

Айта кетейік, франциялық маман "Әл-Наср" клубын 2022 жылдың шілдесінен бастап жаттықтырды. Қазіргі уақытта арабиялық ұжым турнирлік кестеде екінші орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016702-ronaldu-oner-korsetetin-klubtyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti-video/

pixel