Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген боксшыны ұтты

Опубликовано:

Санатәлі Төлтаев
Санатәлі Төлтаев: kfb.kz

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық боксшы 1/32 финалда кәсіпқой бокста 8 айқас өткізген Израиль өкілі Ахмат Штавимен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде Санатәлі Төлтаев қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтып, байрақты бәсекенің келесі кезеңіне жолдама алды.

Отандық боксшы 1/16 финалда маврикалық былғары қолғап шебері Ришарно Коленмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (92 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы кездесулерін жеңіспен аяқтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019070-alem-cempionaty-sanatali-toltaev-kasipqoi-boksta-zenilip-kormegen-bokssyny-utty/

pixel