Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: бүгін жарыс жолына кім шығады

Опубликовано:

Талғат Сырымбетовтің жеңіске жеткен сәті
Талғат Сырымбетов қызыл жейдеде. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, 3 мамырда Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында бір отандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана уақытымен 15.00-де басталатын күндізгі сессияда Талғат Сырымбетов рингке көтерілмек.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан ол 1/16 финалда Иордания өкілі, қазіргі Азия чемпионы Мохамед Абу-Джаджехпен жұдырықтасады.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек Б рингінің төртінші кездесуі болады деп күтіліп отыр.

Қазақстандықтар аталған айқасты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Айта кетейік, Талғат Сырымбетов алғашқы айналымда таиландтық Сакда Руамтхамадан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019122-alem-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-kim-sygady/

pixel