Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында бір отандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Талғат Сырымбетов жекпе-жек үстінде
Талғат Сырымбетов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бір боксшысы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Талғат Сырымбетов 1/16 финалда Иордания өкілі, қазіргі Азия чемпионы Мохамед Абу-Джаджехпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жек төрешілердің қабылдаған шешімімен иорданиялықтың пайдасына аяқталды. Есеп 4:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасының бір боксшысы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, Талғат Сырымбетов алғашқы айналымда таиландтық Сакда Руамтхамадан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019217-alem-cempionatynda-bir-otandyq-bokssy-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel