Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сияқты ешкім құламасын": Жекпе-жектен соң комаға түскен Айдос Ербосынұлы өміріндегі ауыр жағдайдан не түйгенін айтты

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы сұхбат барысында
Айдос Ербосынұлы. Фото: youtube/@SPORTNAMA

Кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлы қараша айында ауыр комаға түскеніне қарамастан, спортқа оралмақшы. Ол атышулы жекпе-жектегі ауыр жағдайды еске алып, бұл жағдайды ешкімнің басына тілемейтінін айтты, деп хабарлайды Sportnama жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мұны ауызбен айтып жеткізу қиын. Мұны адам көруі керек деп ойлаймын. Әрине, мен сияқты ешкім құламасын. Бұл өмірде бәрі біз ойлағандай емес екен. Бәрі басқаша... Соның бәрін жасыңа жас қосылған сайын түсінесің. Соңғы жекпе-жектегі жеңіліс менің келешек өмірімнің өзгеруіне себеп болады деп ойлаймын. Айналаңа, қоршаған ортаға, отбасыға деген көзқарас өзгерді.

Кімнің нағыз дос екенін, кімнің нағыз бауыр екенін, кімдерге көңіл бөлу керектігін түсінгендей болдым. Бұл нәрсені білмедім деп айтпаймын, бұған дейін де басымнан өткен. Бұған дейін тек жеңіп, жеңіліс дегенді көрмегендіктен, қасымдағы адамдарды ажырата алмай қалдым.

Сол жеңістің буы көзбайлау болған шығар. Десе де, әрдайым саралауға тырысамын. Қалам мен дәптерге қате-кемшіліктерімді жазып жүремін", - деді Айдос.

Айта кетелік, Айдос Ербосынұлы 2022 жылдың қарашасында кубалық Дэвид Моррелмен кездесіп, 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіліс тапты.

Ал жекпе-жектен соң оның жағдайы күрт нашарлап, боксшы комаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019335-men-siyaqty-eskim-qulamasyn-zekpe-zekten-son-komaga-tusken-aidos-erbosynuly-omirindegi-auyr-zagdaidan-ne-tuigenin-aitty/

pixel