Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағым сынғанда да тоқтамадым": қазақ боксшысы ауыр комадан соң рингке қайта оралатынын айтты

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

Қазақтың кәсіби боксшысы Айдос Ербосынұлы Sportnama бағдарламасына сұхбат беріп, ауыр жарақаттан соң да шаршы алаңға қайта оралуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жағым сынған кезде де тоқтамадым. Бұл мәселе мені тоқтата алады деп ойламаймын. Әрине, егер дәрігерлер тарапынан толық тыйым салынса, мансабымды аяқтауға тура келеді.

Америкалық дәрігерлер бір жылдан соң бәрі қалпына келеді деп айтты. Керісінше, жасушалар жаңарып, жақсы жұмыс істеуі ықтимал екенін жеткізді. Мұндай жағдайлар спортта болған. Ережесіз жекпе-жектегі жігіттердің мұндай оқиғасы көп.

Бір апта жасанды комада жаттым. Ештеңе есімде жоқ, ештеңе болмаған сияқты. Оянған соң жан-жағыма қарап: "Біз қазақ еліне пайдалы, мұсылманға пайдалы болуымыз керек", - деппін. Даусым жай шығып тұрған. Кейін күн санап, қалпыма келе бастадым.

Бұл анама да, әкеме де, барлық отбасы мүшелеріне ауыр сынақ болды. Боксты қою керектігін айтқандар болды. Бірақ шешімді қабылдайтын өзім. Мені бұл нәрсе тоқтата алмайды. Алла қаласа, мықты болып қайта ораламыз", - деді Айдос Ербосынұлы.

Айта кетелік, Айдос Ербосынұлы 2022 жылдың қарашасында кубалық Дэвид Моррелмен кездесіп, 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіліс тапты.

Ал жекпе-жектен соң оның жағдайы күрт нашарлап, боксшы комаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019341-zagym-synganda-da-toqtamadym-qazaq-bokssysy-auyr-komadan-son-ringke-qaita-oralatynyn-aitty/

pixel